«Ерекше жандарға жағдай жасалуы керек»: Шымкентте мониторингтік топ құрылды

27

Шымкентте денсаулық сақтау басқармасы жанынан арнайы мониторингтік топ құрылып, жыл басынан бері емдеу мекемелеріндегі жағдайға тексеру жүргізілді. Топ құрамында басқарма мамандары мен мүгедектер қоғамдық бірлестік өкілдері де бар.

Мониторинг барысында бірқатар ғимараттардың мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділік жөніндегі нормаларға сәйкес келмейтіндігі анықталды.

Ескертулер беріліп, тізімдемеге енгізілді. Анықталған кемшіліктер бойынша денсаулық сақтау басқармасының тапсырмасы аясында емдеу мекемелері тарапынан пандус, жүру жолдары мен жеделсаты, тұрақ орындары, орнатылды.

Жалпы, қаладағы медицина ұйымдары бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдаудың əлеуметтік саясатын жетілдіру жəне оларға əлеуметтік, көліктік инфрақұрылым нысандарының кедергісіз қолжетімділігін қалыптастыру мақсатында белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестендіру ұсынылған.