Келер жылы аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауы өтеді

37

2023 жылы аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауы өтеді.

  • Ұлттық экономика министрлігі хабарлағандай, келесі жылы сайлау пилоттық режимде, ал 2025 жылдан бастап жаппай өткізіле бастайды.
Аудан мен қала әкіміне кандидат жасы 25-тен асқан Қазақстан азаматы болуы, сондай-ақ жекелеген мемлекеттік саяси лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс. Бұл ретте мемлекеттік қызметте жұмыс тәжірибесінің болуы міндетті емес.