Келер жылы Беларусьте оқу-жаттығулар жоспарланған

44
оқу-жаттығу барысы

Келесі жылы Беларусь аумағында ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік жүйесіндегі басқару органдары және құрылымдар құралдарымен бірқатар бірлескен оқу-жаттығулар жоспарланған және өткізіледі, деп хабарлады ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась.

«Айта кететін жайт, Беларусьтің ҰҚШҰ-ға төрағалығы «Ниеттестік пен ынтымақтастық арқылы бейбітшілік пен қауіпсіздікке» атты ұранмен өтеді. Осының барысында өте маңызды іргелі мәселелер шешіледі. Ұйымды нығайту және оның жауапкершілік аймағында тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің бірлігін арттыру және олардың арасындағы қайшылықтарды шешуге баса назар аударылады», — деді ол Мәскеу – Астана – Бішкек – Ереван — Минск бейнекөпірі кезінде.
«Қазіргі туындап отырған проблемаларды реттеу және біздің мемлекеттеріміздің аумағында жағдайдың тұрақсыздануына жол бермеу түріндегі мақсат бірінші рет басымдық ретінде тұжырымдалып отыр» -, деді Станислав Зась.