«Кибер-шериф» көмегімен 1,5 миллион теңге қарызы бар көлікті анықтады

161

Түркістан облысы ПД ЖПҚ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол ережесін бұзушыларды анықтау бойынша профилактикалық іс-шаралар аясында, салынған әкімшілік айыппұлдарды төлеуден жалтарған көлік иесін анықтады.

Мәселен полиция қызметкерлері «Шымкент-Самара» тас жолында қызмет атқару кезінде «Кибер-шериф» автоматты жүйесінің көмегімен Түркістан облысының тұрғынының басқаруындағы «Фольксваген Пассат» маркалы автокөлікті тоқтатты.
Тексеру кезінде аталған автокөліктің сот орындаушысының қаулысына сәйкес жалпы сомасы 1,5 миллион теңгеге жуық төленбеген айыппұлдар бойынша берешегі бары анықталды.
Тәртіп сақшылары «Фольцваген Пассат» автокөлігін айыптұраққа қойып, жүргізушімен берешекті уақтылы төлеу қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері соңғы үш тәулікте «Кибер-шериф» автоматты жүйесінің көмегімен облыс жолдарында 600-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталғанын атап өтті. Тәртіп сақшылары жүргізушілерді жол ережесін бұзбауға және әкімшілік айыппұлдарды уақытында төлеуге шақырады.