Көлігін қаруға толтырып, қала аралап жүрген

48

Кентау қаласының полиция қызметкерлері түнгі уақытта қала көшелерінің бірінен күдік тудырған «Мерседес» маркалы автокөлікті тоқтатты. Тексеру кезінде тәртіп сақшылары автокөліктің салонынан 3 атыс қаруын тапты. Заттай дәлел ретінде алынған екі шолақ мылтық пен бір дана винчестер қаруы сараптамаға жолданды.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша тіркелді. Күдікті ретінде Кентау қаласының тұрғыны, яғни жас жігіт полиция бөліміне жеткізілді.
Қазіргі уақытта осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде және оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысының аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілді.