М.Әйтенов ерекше балаларға қызмет көрсететін орталық жұмысымен танысты

54

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Қамқорлық» № 8 балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жұмысымен танысты.

Орталықта кәсіби мамандандырылған психиатр, невропатолог, логопед-дефектолог, психологтар қызмет көрсетеді. Интерактивті, АВА топтық және жеке қабылдау бөлмелері, сондай-ақ, қосалқы білім беру, лего және робототехника тігін шеберханасы, АРТ-терапия, ағаш шеберханасы және музыкалық кабинеттермен қамтылған.

Аталған мекеме биыл “Балалар жылы” аясында ашылып отыр. Мұнда психоневрологиялық ауытқулары бар 1,5-тен 18 жасқа дейінгі балаларға жартылай станционарлық жағдайда күндізгі 4 сағаттық тегін арнаулы әлеуметтік қызмет түрлерін көрсетеді. 110 баланы қабылдауға арналған.

Мекеме жұмысымен танысқан қала әкімі орталықтың маңызы ерекше екендігін атап өтті.

Мекен жайы: Шымкент қаласы, Бәйдібек би, 77 “А”.