Жаңа 2023 жыл жақындап келеді. Ал жаңа жылдық дастархан мәзіріндегі ең маңызды тағам — Оливье, Цезарь және ыстық тамақтар. Ал мерекелік дастарханға қажетті өнімдердің бағасы қандай? Жаңа жылға ерекше дастархан дайындау үшін қанша қаражат жұмсалады?
Әдетте, Жаңа жылдық дастарханға Оливье, түрлі тіскебасарлар, уылдырық, ірімшік, балық және шұжық тілімдері қосылған бутербродтар мен мандариндер және тауық еті қойылады. Ал торт, тәттілер, шампан мен алкогольсіз сусындарсыз жаңа жылды елестету мүмкін емес.
Жаңа жылдық дастарханның көркі әрине — Оливье салатынан бастайық. Төрт тәрелке салат үшін сізге 3-4 картоп, сәбіз, жасыл бұршақ, тұздалған қияр, пісірілген ет немесе шұжық қажет болады.
Картоп — 150 теңге
Сәбіз — 100 теңге
Жасыл бұршақ — 350 теңге
Тұздалған қияр — 800 теңге
Ет — 600 теңге
Фарухджан Исраилов, бас аспаз: «Біздің оливье салатына 2 картоп, тұздалған қияр, сәбіз, бұршақ, тауық жұмыртқасы және 200 грамм ет қажет. Бәрін турап бір ыдыста араластырамыз. Бұл 4 адамға жеткілікті»
Екінші салат — Цезарь. Бағасы біршама қымбаттау, 4 адамға – үш мың теңгедей жұмсалады. Салат дайындауға тауық еті, айсберг салат жапырағы, чирри қызанақтары, кептірілген нан, ірімшік пен Цезарь соусы керек
Тауық еті — 500 теңге
Айсберг салаты— 250 теңге
Черри қызанағы — 300 теңге
Кептірілген нан — 400 теңге
Ірімшік — 600 теңге
«Цезарь» соусы — 800 теңге
Фарухджан Исраилов, бас аспаз: «Қазір біз төрт адамға арнап Цезарь салатын дайындап жатырмыз. Бізде 150 грамм айсберг, 100 грамм құстың төс еті, 60 грамм Черри қызанағы, 40 грамм жұмыртқа мен кептірілген нан және Цезарьға арналған соус бар»
Фарухджан Исраилов, бас аспаз: «Барлығы 450 грамм болды. Бұл 4 адамға толық жетеді»
Мерекелік басты тағам – грильде піскен ет. Ол 4 350 теңге тұрады. Ерекше тағам үшін 500 грамм қой еті, жарты келі сиыр еті, тауық қанаты мен сирағы және 200 грамм картоп қолданылады. Бұл ет жиынтығы 4 кісіге шақталып пісіріледі.
Қой еті — 1200 теңге
Сиыр еті — 1400 теңге
Тауық қанаты — 800 теңге
Тауық сирағы — 800 теңге
Картоп — 150 теңге
Фарухджан Исраилов, бас аспаз: «Бізде ыстық тағамнан төрт адамға арналған ет бар. Мұнда қой еті, сиыр еті, қабырғалар, тауық қанаттары мен сирағы қолданылады. Біз қонағымызға тағаммен бірге фирмалық соус пен картоп тілімдерін ұсынамыз»
Жаңа жылдық дастарханда қандай тағамдар болуы керек екенін, әр үй шаруасындағы әйел отбасылық бюджетін ескере отырып, өзі шешеді. Сарапшылар қаражатты үнемдеу үшін мерекелік шығындарды алдын ала жоспарлауға және жеңіл тағамдар, десерт пен ұн өнімдерін өзіңіз дайындауға кеңес береді.