Өзбекстан қазақстандық студенттерге мемлекеттік грант бөлді. Отандастарымыз Самарқандтағы халықаралық туризм университетінде тегін білім алып, магистрлік дәрежеге ие болады.Қазір оқу орнында 80-ге жуық шетелдік білім алады.
Соның бесеуі — қазақстандық. Биыл оқуға қабылданып, қызмет көрсету саласы бойынша біліктілігін арттырып жүр. Ай сайын шәкіртақы алады.»Келер жылы да талапкерлерге есік ашық», — дейді университет ұжымы.
Оқыту тек ағылшын тілінде жүргізіледі. Орталық Азия бойынша тек туризм саласына негізделген жалғыз оқу орны. Айта кетері, біздің ел де екіжақты келісімдер негізінде Өзбекстан азаматтарына мемлекеттік грант бөледі.