Қазақстанда ең арзан байланыс пен жылдам интернет

36

Қазақстан — Орталық Азиядағы ең арзан байланысы мен жылдам интернеті бар ел ретінде танылды. Мұны International telecommunication Union (ITU) зерттеуінің деректері дәлелдеді.

Мәселен, өткен жылы Қазақстандағы тариф бойынша ұялы байланысқа жұмсалған шығыстар жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табыстың 1,04% ғана құрады. Сарапшылар 70 минуттық сөйлесу, 20 SMS және 500 МБ мобильді интернетті қамтитын орташа тарифті қарастырды. Бұл ретте, мобильді интернет жылдамдығы Қазақстаннан аз ғана айырмашылығы бар Қырғызстанда мобильді байланыс шығындары жан басына шаққандағы жалпы ұлттық өнімнің 3,11% құрады.

Ұялы байланыс шығындарының жақын деңгейі Өзбекстанда және Түрікменстанда тіркелген. Бұл ретте мобильді интернеттің жылдамдығы Қазақстанға қарағанда төмен.