Қазақстанда онлайн сатып алынған тауарлар көлемі артты

28
"Бәтерек" жаңа жылға жаңа жиһаздар ұсынады
Қазақстанда онлайн сатып алынған тауарлар көлемі артты. Биыл тоғыз айда онлайн-тәсілмен 3,8 миллиард теңгеге төлем транзакциясы жүргізілді. Былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 33,7%-ке артық, деп хабарлайды ranking.kz.
Мониторингтік компанияның ақпараты бойынша, қазақстандықтар интернет арқылы жиһаз, электроника, тұрмыстық техника, киім-кешек, үй және тұрмыстық тауарлар мен азық-түлік те сатып алады.
Мәселен, онлайн саудада ең көп сатылатын — киім мен спорттық тауарлар- 63,6%, ал екінші орында — азық-түлік өнімдері- 48,4%.
Сонымен қатар дәрі, косметика, үйде пайдалануға арналған тауарлар. кітап, журнал, газет, фильм, музыка да онлайн саудада жиі сатылады.
Сарапшылар былтыр 4 миллиардтан астам транзакция жасалғанын атап өтті. Биыл қарашаның «жомарт жұмасын» және алдағы мерекелерді ескере отырып, транзакция саны одан да артады деп болжанып отыр.