Қазақстандықтар ақылы жолға 5 млрд. теңге қарыз

22

Қазақстандықтар ақылы жолдар үшін 5 млрд. теңге қарыз. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдеді. Жалпы, елімізде ақылы жолдар ашық және жабық болып екіге бөлінеді. Мамандар ақылы жолда мәселенің көп екенін айтады. Тіпті, қалың қар жауған кезде тазаланбай, жолдар жабылып қалады. Ал жүргізушілердің пікірі қандай?

Қазақстандық автокөлік жүргізушілері ақылы жолға 5 млрд. теңге қарыз. Елдегі кейбір тас жолдарда төлемді кіреберісте алады, бірақ басым бөлігінде жүріп өткеннен кейін ақысы төленеді. «Қазавтожол» өкілдерінің айтуынша, азаматтар көбінесе жолға ақы төлеуді ұмытып кетеді. Сондай-ақ, жүргізушілер ақылы жолдың бір бөлігімен ғана жүрсе, ақша төлеудің қажеті жоқ деп ойлайды. Бірақ камералар бәрін түсіреді. Ал төлемегендерге айыппұл салынады.

Сәкен Әділбеков, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ақылы автомобиль жолдары дирекциясы директорының орынбасары: «Біреулер білместіктен, енді біреулер тегін жолда жүрмін деп ойлайды. Тосқауыл болмағандықтан, сіз төлей алмайсыз. Ақылы жолдарда жүрсеңіз, 7-ші күні сізге айыппұл келеді. 7 күн, 8 тәулікке жеке тұлғаға 5 АЕК, заңды тұлғаға 10 АЕК айыппұл салынады».

Айыппұл өтелмей қалса, іс сот орындаушыларына жіберіледі. Сарапшылардың пікірінше, ақылы жолдарда әлі де көп нәрсе қажет. Тіпті, тас жолдар қар қалың жауса бірден жабылып қалады. Шарт бойынша жол үсті үнемі тазаланып, реагенттермен жабылуы, сондай-ақ жүргізушілердің жол бойында жылынуға және тамақ ішуге мүмкіндігі болуы тиіс. Бірақ бұл шарт болғанымен, орындалып жатқан жоқ.

Арсен Шакуов, «Қауіпсіз жол» қауымдастығының президенті: «Конституцияда Қазақстан Республикасының аумағында әркімнің кедергісіз жүруге құқығы бар, ақылы жол болса, онда тегін балама болуы керек деген бап бар, бұл жол тегін болуы керек дегенді білдірмейді. Тозған, ұзағырақ болуы мүмкін, инфрақұрылымы жоқ, бірақ жақсы, сапалы, дұрыс жағдайда болуы тиіс».

Ал жүргізушілер жолдың ақысын үнемі төлейміз дейді. Бірақ құнына сай сапаны байқамағандарын айтады.

«Ақылы жолдың ақысын бірден төлейміз. Сарыағашқа барамын, шамамен, 4200 теңге болады. Бірақ жолда ештеңе өзгерген жоқ. Бәрі бұрынғы қалпында».

«Бірден төлейміз, 3500-4000 мың болады. Бірақ жолдар нашар болған. Тіпті КамАЗ-да да біз барлық шұңқырларды сеземіз. Тіпті жолда дәретханалар да жоқ»,-дейді жүргізушілер.

«Қазавтожол» мамандары жолдар үнемі жөнделіп отырады дейді. Биылдың өзінде 520 шақырым жол орташа жөндеуден өтеді деп жоспарлануда. Бүгінде жұмыстың жартысынан көбі орындалған. Жылы дәретханалар да орнатылды дейді мамандар. Бірақ олар елдегі барлық ақылы жолдарды жақсарту үшін ұзақ жылдар қажет екенін жасырмайды.