Сенат депутаттығына сайлауға түсуге 66 кандидат тіркелді. Олардың 20-сы әйел. 63 адам өзін өзі ұсынған. Ең жас үміткер 31-де. Кандидаттар арасында дәрігерлер, инженерлер, заңгерлер, саясаттанушылар, журналистер мен ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері бар.
Айта кетейік, үміткерлерді ұсыну 14 желтоқсанға дейін жалғасты. Ал кандидаттарды тіркеу мен сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары 24 желтоқсанда басталды. Оны өткізуге 19 күн беріліп отыр. Яғни, сайлауға бір күн қалғанда түнгі сағат 12-де аяқталады. 13 қаңтар – тыныштық күні.