Шымкент қалалық көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бұрынғы басшысына үкім жарияланды

23

 

Шымкент қалалық көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бұрынғы басшысына үкім жарияланды

Ағымдағы жылдың 2 желтоқсан күні Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық соты Шымкент бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Г.Әметқызына, жетекші маман Б.Айтмурзинаға, әдіскер О.Мостовскаяға және азамат Г.Сапаровқа қатысты үкім шығарды.

Г.Әметқызы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жүргізу кезінде Б.Айтмурзинамен адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін шағын және орта бизнес өкілі Г. Сапаровтан (20 мыңнан 120 мың теңгеге дейін) жүйелі түрде пара алды деп айыпталды.

Сонымен қатар, Г.Әметқызы О.Мостовскаямен адамдар тобының алдын ала сөз байласып, өз таныстарын штаттан тыс жұмысшылар ретінде жұмысқа орналастырып, ай сайын жалған еңбек қызметі үшін жұмыс уақытын есепке алу табелін заңсыз бекітіп, 7,8 млн. теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырған.

Сот үкімімен өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыра отырып Г.Әметқызы 39 млн. теңге мөлшерінде, Б.Айтмурзина 12 млн. теңге мөлшерінде айыппұл төлеу, О.Мостовская          3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу, Г. Сапаровқа 1,8 млн. теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.