Шымқаланың үздік жастары белгілі болды. Қалалық жастар ресурстық орталығында «Үздік Жастар-2022» премиясын салтанатты табыстау рәсімі өтті. Ел тәуелсіздігінің 31 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған шараның биылғы жеңімпаздары да 31 номинация бойынша марапатталды. Отырар телеарнаның «Жас толқын» жастар бағдарламасы да үздіктер қатарынан көрінді.
Бұл қаланың дамуына үлесін қосып, шаһардың қоғамдық өміріне белсене қатысқан Шымқаланың мақтаныштары. Олар өз саласының үздіктері. Олардың саны — 31. Арасында біздің телеарнаның жас тілшісі Ермек Перизат та бар. Ол «Отырар» телеарнасындағы «Жас толқын» жастар бағдарламасының жүргізушісі. Аталмыш байқауда телеарна атынан бақ сынаған Перизат, өзге үміткерлерден басым түсіп үздіктер қатарынан көрінді.
Перизат Ермек, «Үздік жастар бағдарламасы» номинациясының жеңімпазы, 9 сынып оқушысы: «Биыл «Отырар» телеарнасына 30 жыл. Осы марапат туған күнге жасалған сый. Жыл сайын біздің арнамыздың журналистері үздіктер қатарынан көрінеді. Биыл да «Жас толқын» бағдарламасы үздік атанды».
Үздік жастар премиясы осымен 12 рет ұйымдастырылып отыр. Биыл байқауға қатысуға 14 пен 29 жасқа дейінгі 176 шымкенттік жастан өтініш түскен. Солардың 31-і ғана үздік деп танылып, қала әкімінің марапатына ие болды.
Айта кетейік, биыл «Отырар» телеарнасына — 30 жыл. Ал марапатқа ие болған «Жас толқын» жастар бағдарламасы 27 жылдығын атап өтпек. Бағдарлама қаладағы жастар саясатын насихаттайды. Жастардың тыныс-тіршілігін көрсетіп, мәселесін көтереді. «Жас толқын» талай журналистің телевизия әлеміне тұсауын кескен, шаһардағы жастарға арналған бірегей бағадарлама.
Айжан Ермекқызы