Шымкентте ХҚКО арасында жайдарман ойындары өтті

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Шымкент қаласы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету орталықтары арасында жайдарман ойындары өтті. Аудан бөлімдері арасындағы көңілді тапқырлар сайысында сала мамандарымен қатар бөлім басшылары да өнер көрсетті. Ұйымдастырушылар бірнеше кезеңнен тұратын жайдарман ойындары енді дәстүрлі түрде өткізілетінін айтады. 

Абай аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының «Бөлексің» құрамасы жайдарман ойындарында көрерменнің фаворитіне айналды. Аудандық бөлімнің құрама команда сапында 5 қызметкермен қатар, бөлім басшысы да бар. Әлеуметтік желідегі тренд пен қоғамдағы түйткілді мәселені әзілге арқау еткен команда ұтқыр ойын мен жақсы дайындықтың нәтижесінде үздік деп танылып, 1 орынды иеленді.

Азамат Жанысбаев, Абай аудандық ХҚО бөлім басшысы: «Бізге хабарлама келіп, дайындығымыз өте жоғары деңгейде болды. Қазіргі қоғамда болып жатқан дүниелерді алдық. Жұмыс жасау барысында әріптестердің жұмыста тап болатын кедергілері және жұмыстан бөлек бір-бірімен пікір алмасу, бір-біріне деген сыйластық құрметі, тәрбиелік мағына жағын қарастырдық».

Жайдарман ойындарына халыққа қызмет көрсету және жер кадастры бөлімдерін қосқанда жалпы саны 10 команда қатысты. Сәлемдесу және бейнеролик кезеңдеріңнен тұратын ойында жауапты сала мамандары қағытпа қалжың мен ұтымды әзілден кенде емес екендігін көрсетті. Ұйымдастырушылардың сөзінше, жарысты өткізудегі басты мақсат – ұжымдық мәдениетті қалыптастыра отырып, мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Шолпан Медетбекова, «Азаматтарған арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шымкент қалалық филиалы НR-дамыту басқарма басшысы: «Дәл осындай форматта бүгінгі ойын алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Негізі көңілді тапқырлар ойыны – елімізде өте танымал. Бұл шараның негізгі мақсаты – ұжымның корпоративтік мәдениетін дамыту, ынтымағымызды бірлігімізді нығайту, мереке қарсаңында демеушілермен және филиал басшылығының қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Қатысушылардың белсенділіг өте жоғары. Жұмыстың қауырттығына қарамай, тығыздығына қарамай халыққа қызмет көрсету орталықтары өте тығыз жұмыс кесетсіне қарамай, өте белсенді атсалысып жатыр».

Ойын нәтижесі бойынша, Абай аудандық бөлімінің «Бөлексің» командасы жеңімпаз деп танылса, Еңбекші ауданының құрамасы екінші орынға ие болды. Ал мамандандырылған №1 ХҚО және мемлекеттік қызметтер бойынша бейне кеңес беру бөлімдері үшінші орынды бөліп алды.

Жүлдегерлер демеушілер тарапынан 1 млн. теңге қаржылай сыйлық және тұрмыстық техникалар сыйға берілді. Ұйымдастырушылар мұндай форматтағы жайдарман ойындары енді жыл сайын өткізілетін дәстүрлі сайысқа айналатынын айтады.