Шымкентте үшем дүниеге келді. Мерзімінен бұрын туылған шақалақтар бір айдан аса қалалық перинаталдық орталықтағы дәрігерлердің медиицналық бақылауында болды.
38 жастағы қала тұрғыны Жазира Көшербаева жүктіліктің 32-аптасында Нұрсаттағы перинаталдық орталыққа жеткізілген. 21-қараша күні дәрігерлер жүкті әйелді кесір тілігі арқылы босандырды. Дүниеге келген үшемдердің салмағы -1480гр, 1380 гр, 1175 гр.
Үшемге перинаталды орталықтың неонатологтары жиырма бес күн қарап, медициналық көмек көрсетті. Асылбек, Әмина, Медина есімді сәбилердің қазіргі жағдайы қалыпты.
Денсаулықтары жақсарған үш сәби мен анасын перзентханадағы дәрігерлер сән-салтанатпен шығарып салды.