Шымкентте мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Amazing kids» заманауи бірегей түзету-дамыту орталығы ашылды. Мұнда ерекше балалар үшін тілді дамыту, бейімдеу және емдік дене шынықтыру, музыка, ойын және арт-терапия сабақтары өткізіледі. Орталықта түрлі дертке шалдыққан балаларды Ресейдің жетекші дәрігерлерінен білім алған мамандар емдейді. Мекеме шетелдік соңғы үлгідегі қондырғымен жабдықталған.
Шымкентте ерекше балаларға арналған «Amazing kids» сауықтыру орталығы салтанатты түрде ашылды. Мұнда балаларға сыйлықтар, балмұздақ пен тәттілер тарту етілді.
Түзету орталығында ерекше күтімді қажет ететін балалардың инклюзивті білім алуына барлық жағдай жасалған. Қала тұрғыны Балжан Қауымбаеваның айтуынша, оның баласының сөйлеуі кешеуілдеген. Тіпті толық сөйлем құрай алмаған екен. Ол «Amazing kids-ке» жүгінгелі бері баласының денсаулығында айтарлықтай оң өзгеріс байқағанын атап өтті.
Балжан Қауымбаева, Шымкент қаласының тұрғыны: “Бізге қатты ұнайды. Өйткені бұл Шымкентте жоқ технологиямен, дыбыспен, жарықпен барлық мүмкіндікті жасап емдейді. Бұл методика Ресейден келген. Балам жақсы сөйлей бастады. Өз ойын білдіре бастады. Бұрын сөйлем құрап сөйлей алмайтын. Қазір жақсы сөйлеп жатыр”.
«Amazing kids» коррекциялық дамыту орталығының негізін қалаушы Мадина Есетованың екі ерекше күтімді қажет ететін баласы бар. Ол бұл орынды ашу үшін шетелден заманауи қондырғылар алып, шетелден арнайы маман шақыртқан. Мұнда ерекше бүлдіршіндерге тілін дамыту үшін түрлі артикуляциялық жаттығулар жасатып, музыкалық, арт терапиядан өткізеді.
Мадина Есетова, «Amazing kids» орталығының негізін қалаушы: “Менің өзімнің баламның да тілінде ақауы бар. Сондықтан 9 жылдан бері түрлі невропатологтар, логопедтерге қаралып жүрдік. Ресейге барып балаларыма ем алған кезде осындай орталықты бізде неге ашпасқа деген ой келді. Өзім соңғы 2 жылда логопед, нейропсихология бойынша сабақ алдым. Жаңа технологияны меңгердім. Орталықта шетелден келген мамандарымыз бар. Олар тілінде түрлі ақауы бар балаларды емдеп, жазылуына септігін тигізеді”.
«Amazing kids» заманауи түзету орталығы Қонаев даңғылы, 124 үй мекен-жайында орналасқан. Ал сабақ балалармен аптасына 3 рет өткізіледі.
Телефон: 8-701-338-88-42
Instagram: @amazing_kids_shym
Сертификат 31.10.2022 жылы берілген, «АПФ-Центр «Гармония» ЖШҚ Красноярск қаласы