Шымкентте жалған мемлекеттік нөмір тағып жүрген жүргізушілер жауапкершілікке тартылды

61

Шымкент қаласы Полиция департаментінің ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жыл басынан бері жалған мемлекеттік нөмірлі құралдарын басқарған 103 жүргізушіні анықтады.

Барлық жайттар бойынша құқықбұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-тармағы (Көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару, сол сияқты мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн (белгiсiн) сәйкестендіруге кедергі келтіретін не олардың түрін өзгертетін немесе жасыратын құрылғылар мен материалдар қолданыла отырып жабдықталған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, жүргізушілер жауапкершілікке тартылды. Айта кетейік, заңнамаға сәйкес бұл құқықбұзушылық 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Осы ретте, мегаполистің тәртіп сақшылары жалған мемлекеттік нөмірі бар көлік құралын басқару жайттарын анықтау және жолын кесуге бағытталған жұмыстарды қарқынды жалғастырып жатыр.