Шымкенттегі Конгресс-холл құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Шымкент сити аумағында 3 қабатты, 5 блоктан тұратын Конгресс-холл ғимараты салынып жатыр.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов жүргізіліп жатқан құрылыс барысын аралап, бақылап көрді. Бой көтерген ғимаратта 2066 орындық көрермен залы, 190 орындық конференц-зал, 80 орындық салтанат залы, 40 орындық баспасөз орталығы, 148 орындық асхана қарастырылған.

Сонымен қатар 40-қа жуық көлік сиятын жер асты тұрағы болады. Нысан республикалық маңызы бар қоғамдық іс-шараларды, конференция және фестивальдерді өткізуге арналады.

Айта кетейік, Президент Шымкентке келген сапарында нысан құрылысын мерзімінде және сапалы аяқтауды тапсырған еді.