Сотталғанға рақымшылық жасалып, жаза өтеу мерзімі қысқартылды

25

Келес аудандық соты Келес аудандық пробация қызметі бөлімінің  сотталған Г-қа тағайындалған негізгі жазаны Рақымшылық жасау туралы Заңына сәйкес қысқарту туралы ұсынысын қарады.

Сотталған Г. Алматы облысы, Алмалы аудандық сотының 2022 жылғы 22 ақпандағы үкімімен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі–ҚК) 188-бабының 3-бөлігі 3-тармақтарында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2 (екі) жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған.
Пробация бөлімі «Рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 2 қарашадағы № 152-VII Заңының 3-бабының 3-бөлігінің талабына сай сот тағайындаған негізгі жазаны – төрттен үшке қысқартуды сұраған.
Сотта анықталғандай, сотталған Г 2022 жылдың 4-7 қаңтар аралығында қылмыс жасағаны үшін жазасын өтуде.
Пробация бөлімінің сотталған Г-қа Рақымшылық жасау туралы Заңына сәйкес сот тағайындаған негізгі жазаны қысқарту туралы ұсынысы қанағаттандырылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ