«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы субсидиялау мерзімі 7 жылға дейін ұзарады. Президент Үкімет пен қаржы саласын реттеу органдарына тиісті тапсырма берді. Бизнестің қолжетімді қаржыландыруға зәру екенін айтты.
Енді зейнетақы жинағының 50 пайызына дейін жеке басқаруға беру үшін қор салымшыларының құқығы кеңейтіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев агроөнеркәсіп кешеніне берілетін кредитті арттыру үшін астық қолхаты институты толықтай цифрландырылып, қайтадан іске қосылатынын жеткізді.
Сонымен бірге мұндай өзгеріс бұдан былай жер қойнауын пайдалану құқығына да енгізіледі.