Түркістанда бала туу көрсеткіші жыл сайын артып келеді. Облыстық перинаталдық орталығында бір тәулікте 40 сәби туылған. Дегенмен онда проблема да жоқ емес. Мысалы мұнда, жаңа туылған нәрестелер паталогиясы бөліміне түскен 2700 баланың 400-і шала туылған.
Жас ана дүниеге егіз сәби әкелген. Түркістандық тұрғын мерзімінен бұрын босаныпты. Тәжірибелі
Өмірге сәби әкелген аналардың ертерек аяққа тұрып кетуі үшін орталықтағы жас нәрестелер паталогиясы бөлімінің мамандары қолдан келгенше еңбек етуде. Себебі шала туған бала ерекше күтімді талап етеді. Мұндай сәттерде анаға отбасының қамқорлығы, жолдасы мен туыстарының қолдауы аса қажет дейді дәрігерлер.
Динара Бабашова, Түркістан облыстық перинаталды орталықтағы жас нәрестелер патологиясы бөлімінің меңгерушісі: «Біз шала туған және денсаулығына ақаулары балалардың күтімімен айналысамыз. Ағымдағы жылдың 11 айында біздің бөлімге түскен 2700 сәбидің 400-і шала туылғандар. Салмағы 1 келіге жетпейтін 19 бала жан сақтау бөліміндегі дәрігерлер мен аппаратураның арқасында бүгінде жетілуде. Салмағы тым аз сәбилер біздің бөлімде анасымен бір айдан 80 күнге дейін жатады. Біз осы мерзімде босанған әйелді шала туған баланы қалай күту қажеттігін үйретеміз».
Мамандардың пікірінше, дені сау бала туу үшін ата-ана алдымен тексеруден өтіп, денсаулықтарын дұрыстап алу керек. Тағы бір маңызды қадам — ол жоспарлау.
Ана мен баланың денсаулығын сақтау үшін облыстық перинаталдық орталықта 500 — ге жуық қызметкер жұмыс істейді. 11 айда мұнда 10 мыңға жуық сәби дүниеге келген.
Айта кетейік, бүгінгі таңда облыстық перинаталдық орталық күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Бұл дегеніміз, алда жүкті, босанған әйелдерге және туылған сәбилерге көрсетілетін медициналық қызмет түрлері едәуір жақсарады деген сөз.