Түркістан облысы әкімі Хорватия елшісімен кездесу өткізді

27

Түркістан облысының әкімі Хорватия Республикасының Туризм және спорт министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Тончи Главинаны қабылдады. Басқосу мақсаты — екіжақты іскерлік байланысты одан әрі нығайту.

Тараптар спорт пен туризм саласын дамыту үшін жасалып жатқан жұмыстарды талқылады. Сонымен қатар, облыс басшысы алдағы уақытта тиімді әлеуметтік жобаларды бірлесе атқаруды ұсынды. Кездесу барысында “Біз Хорватияның футболдағы табыстарын білеміз. Әлем чемпионатында құрамаларыңызға жеңіс пен сәттілік тілеймін! Біздің жасөспірім футболшыларды даярлауда Хорватия мамандары мен футбол академияларымен бірлесе жұмыс атқаруға дайынбыз, – деді Дархан Сатыбалды.

Ал кездесу соңында Хорватия елшісі түркістандық жасөспірімдерді өз елінде жаттығуға мүмкіндік жасауға тырысатынын айтып, облыс әкіміне өз елінің ұлттық құрамасының спорттық формасын сыйға тартты.