Түркістан обылсының орталығында белгілі мемлекет қайраткері, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысына арналған көрме-конференция өтті. Жиында Дінмұхаммед Қонаевтың мемлекетке сіңірген еңбектері сөз болды. Біртуар азаматтың туғанына биыл 110 толды.
Биыл Дінмұхаммед Қонаевтың 110 жылдығы атап өтіліп жатыр. Түркістанда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысын еске алу рәсімі өтті. Онда облыс әкімі Дархан Сатыбалды ақсақалдармен кездесіп, мемлекет қайраткеріне арналған көрмені аралады. Онда Дінмұхамед Ахметұлының портреттері мен жеке заттары қойылған.
Амангелді Шабдарбаев, ҰҚК генерал-лейтенанты: «Мен оның қарауылында болдым. Ол сондай адамгершілігі мол еді. Әрі сондай қарапайым және бәріне құрметпен қарайтын. Ол бәріне ауыл шаруашылығына да, мәдениетке де, спортқа да, адамдарға да тамыр жайған».
Күнгей өңірде мемлекет қайраткерінің еңбектеріне арналған коференция да ұйымдастырылды. Дінмұхамед Қонаев еліміздің дамуына орасан зор үлес қосты. Оның жұмысы ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өндірісіне бағытталған еді. Сондай-ақ, ол Қазақстанды «жүз тілдің ғаламшары» және «халықтар достығының зертханасы» деп атады.
Шәріпбек Жамалбеков, Түркістан облысы Д.А.Қонаев қорының құрылтайшысы:
«Оның кезінде республика өнеркәсібі 8 есе өсіп, 42 қала салынды. Республика миллиард пұт астық өнімін алды, бұл оның өміріндегі оқиғалар және оны мәңгілікке қалдыру үшін бұл шаралар өткізілуде».
Айта кетейік, шаралар біртуар азаматтың жасаған іс-әрекеттері өскелең ұрпаққа үлгі болсын деген мақсатта ұйымдастырылып отыр. Сондай-ақ алдағы уақытта да облыс орталығында Қонаевты еске алуға арналған бірқатар шаралар өтеді деп жоспарлануда.