Түркістанда қонақ үй маңындағы төбелес бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Тәртіп сақшылары оқиға орнына барып, қашып кетпек болған жанжалға қатысушыны ұстады. Олардың тағы біреуі ауруханаға жатқызылды.
«Бұл дерек «Бұзақылық» бабы бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті Кентау тұрғыны барлық мән-жайды анықтау үшін қалалық полиция басқармасына жеткізілді»