Жаңа жыл алдында қосымша жұмыстан қанша ақша табуға болады? inbusiness.kz порталы осы сұраққа жауап іздеп көрді. Еңбек нарығындағы танымал платформада мұғалімдер мен оқытушыларға жаңа жыл алдында сұраныс көп. Бұл мамандар бос уақытында еңбектенемін десе, 360 ұсыныс түрі бар.
Екінші орында call-орталық операторы: 281 вакансия.
Үштікке сатушы менеджерлер кірді. Бұл бағытта 275 уақытша ұсыныс бар. Айтпақшы, сатушы менеджерлерге жұмыс берушілер 800 мың теңгеден бастап айлық төлеуге әзір.
Сонымен қатар жүргізушілер, бағдарлама жасайтындар мен жылжымайтын мүлік мамандарына да қазір ұсыныстар бар. Платформа сарапшыларының айтуынша, ең жоғары жалақы мобильді қосымша жасайтын ІТ мамандарға ұсынылып отыр.
Еңбек өтілі екі жылдан асатын ІТ маманға 1 миллион 125 мың теңге төлеуге дайын. Жалпы hh.kz сайтында қазір 3,5 мыңнан астам вакансия бар.