«Жеңіс» саябағында Жаңа жылдық шыршаның шырағы жағылды

53

«Жеңіс» саябағында Жаңа жылдық шыршаның шырағы жағылды. Еңбекші ауданы әкімдігінің ұйымдастырған шарасы барысында аға буын өкілдері жақсы тілектер айтса, өскелең ұрпақ алдын ала дайындаған тақпақтарын айтып жиналған қауымды қуантты.

 

Бейбіт өмір, елдің тыныштығына арналған ән шумақтары бүгінде өзекті. Жаңа Жылдық шыршаның шырағын жағуға арнайы немерелерін алып келген Гүлжан Салыбекова «өткен жылға өкпеміз жоқ, алдағы қоян жылы барлық отбасыларға құт береке алып келсін, ауданымыз, қаламыз жалпы мемлекетіміз көркейе берсін», — деген тілеуін жеткізді.

Мерекелік шараға қаланың іргесіндегі Қарабастау, Жұлдыз, Жалын, Елтай, Тоғыс тұрғын алаптарының тұрғындары да қатысуда. Айтуларынша, шалғайдағы елдімекендерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету кезеңімен жүргізілуде.

Аққағаз Дүйсебекова, Еңбекші ауданының тұрғыны: «Жол асфальт салынған ауылымызда барлығы бар, жылдан жылға тұрмысымыз жақсарып келеді. Жарықтандыруды биыл жасап берді.Еліміз тыныш халқымыз аман болсын».

300 мыңнан астам тұрғыны бар Еңбекші ауданы жылды қорытындылауда. Кәсіпорындар шоғырланған аудандағы индустриалдық аймақтардың аумағы кеңейіп, жаңа өндіріс орындары бой көтеруде. Аудан бюджеті көлемінің өсуі бірқатар әлеуметтік нысандарды салуға мүмкіндік берді дейді аудан басшысы

Досбол Есілбек, Еңбекші ауданының әкімі: «2022 жыл жемісті жыл болды. Аудан аумағында жаңа үлгідегі саябақтар, гүлзарлар пайда болды. Сонымен бірге Елтайда денсаулық мекмесі бой көтерді. «Халықтық бюджет» жобасы аясында  70  тұрғын  үйдің ауласы абаттандырылды. Мүмкіндікті пайдалана отырып,  қала, аудан тұрғындарын 2023 жылмен  шын жүркетен құттықтаймыз. Отбасыларыңызға амандық,  армандарыңыз орындала берсін».

Жас буын Жаңа жыл шыршасына жиналған қауымға мерекелік тартуларын жасады. Ал Аяз Ата мен Ақша қар мерекеде бірде бір баланы сыйлықсыз қалдырмады.