Жүкті және босанған әйелдерге реанимациялық көмек деңгейі шыңдалды

31

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен және Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының ұйымдастыруымен облыстық клиникалық ауруханасына және №3 облыстық перинаталдық орталығына «А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия орталығы» акционерлік қоғамының анестезиолог-реаниматолог маманы, м.ғ.д., профессор Ерғали Мейірбеков арнайы келді. Ол ауыр жағдайдағы жүкті және босанған әйелдерге анестезиялогия және реанимациялық көмекті көрсету бойынша тәжірибелік көмек көрсетті.

Облыстың штаттан тыс реаниматологы В. Цай және аудандардан жиналған реаниматолог дәрігерлерінің қатысуымен науқастарға кеңейтілген консилиум ұйымдастырылды. Жан сақтау бөлімшесіндегі ауыр жағдайдағы әйелдердің емін әрі қарай жүргізу бойынша тәжірибелік ұсынымдар берілді. «А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия орталығы» акционерлік қоғамының анестезиолог-реаниматолог маманы, м.ғ.д., профессор Е.Мейірбеков Түркістан облысының реаниматолог дәрігерлерінің біліктілігіне оң баға берді.