Электронды түрде ұсынылған мемлекеттік қызметтердің деңгейі 92 пайызға жеткен

42
Самалдықтар осы ұялы байланыс антеннасынан қауіптенеді

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі өткен жылды қорытындылап, алдағы жұмыс жоспарын бөлісті. Жиында ведомство қызметіне қатысты түрлі мәселелер қозғалды.

Министрліктің кеңейтілген алқа отырысына Премьер-Министр Әлихан Смайылов қатысты. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мен ведомствоға бағынысты бірнеше ұйым басшыларының есебінен кейін Үкімет басшысы сөз алды.

Әлихан Смайылов министрліктің алдында бірқатар маңызды міндеттер тұрғанын айта келе, алдымен мемлекеттік қызметтерді көрсету  жайына тоқталды.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі: «Министрлік алдында мемлекеттік қызметті және жалпы экономиканы цифрландыру бойынша бірқатар маңызды міндеттер тұр. Өткен жылы электронды түрде ұсынылған мемлекеттік қызметтердің деңгейі 92%-ке дейін жетті. Оның 80%-н халық смартфон арқылы алып отыр. Өткен жылдың қорытындысы бойынша БҰҰ «Электрондық үкімет» халықаралық рейтингінде Қазақстан 28-орынға ие болды. Елді мекендердің 77%-і мобильді кең жолақты интернетпен қамтылған, оның ішінде 3G технологиясы бойынша – 44%, 4G – 33%».