Биыл Шымкентте 9 нысанның жол құрылысы мен қайта құру жұмыстары жүргізіледі.
2023 жылы пайдалануға берілетін нысан қатарына Д.Қонаев даңғылы жалғасының 3-ші кезеңі, А-2 айналма жолының 2-ші, 4-ші кезеңдері, Өтегенов көшесінің жалғасы және Ж.Адырбеков көшесін қайта құру жұмыстары енеді.
Сонымен қатар 253 магистралды және ішкі орамдық көшенің асфальт жабыны жаңарады.Олардың жалпы ұзындығы 201 шақырымды құрайды. Ал Темірлан тас жолының бойында жаяу жүргіншілерге арналған өткел салынады.
Өткен жылы қаланы сапалы жолмен қамту көрсеткіші 67 пайызғы жетіп еді. Енді биыл жыл соңында бұл меже 71.2 пайызға жетпек.