Биыл Шымкентте инвестор есебінен жаңа 15 мектеп ашылады. Онда барлығы 11 мың 810 оқушы білім алады деп жоспарланған. Онда білім беру қазақ тілінде жүргізіледі.
Қалалық білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, мектептер мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жан басына қаржыландыру жүйесі бойынша жұмыс істейді.
Нәтижесінде биыл үшінші мегаполисте үш ауысыммен жұмыс істейтін мектеп мәселесі толығымен шешіледі.