Импортқа тәуелділікті азайту үшін отандық өнімдер шығаратын кәсіпорындар салынады

109

Мемлекет басшысының импортқа деген тәуелділікті азайту, отандық өнімдердің санын арттыру бойынша тапсырмасы бар. Оны орындау мақсатында шахарда 2022-2025 жылдарға импорталмастырушы инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары түзіліп, жұмыс атқарылуда.

Шаһар аумағында бүгінде 807 өнеркәсіп жұмыс істейді, олардың 54-і тұрақты түрде өз өнімдерін экспортқа шығаруда. Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметі бойынша былтыр 11 айдың қорытындысы бойынша қаланың сыртқы сауда айналымы 2 285,2 млн. АҚШ долл. құрады. Оның ішінде, экспорт – 793,6 млн. АҚШ долларын құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда 15,5%-ға өсті , импорт – 1 491,4 млн. АҚШ долл. 12,3%-ға артқан. Экспорт көлемі бойынша негізгі серіктестіктер Өзбекстан, Түркия, Нидерланды, Ресей, Ауғанстан, Тәжікстан.

Бақыт Қалдыбеков, Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының Өнеркәсіп және экспорт бөлімінің басшысы: «Қаланың негізгі экспортталатын тауарларының қатарына мұнай және мұнай өнімдері 278,8 млн. АҚШ долл. Күнбағыс майы -62,4 млн. АҚШ долл.Бидай ұны – 55,9 млн. АҚШ долл. Бидай және маслин 45,9 млн. АҚШ. долл. Алюминий шыбықтары мен профильдері– 34,6 млн.АҚШ долл.Мақта – талшығы. Тоқыма бұйымдары мен дәрі-дәрмектер кіреді».

Импорт бойынша негізгі серіктестер: Ресей, Қытай, АҚШ, Өзбекстан, Түркия, Бельгия, Польша , Франция, , Германия. Беларусь,Қырғызстан. Бұл елдерден импортталған тауарлардың көлемі жалпы импорттың 83,3% құраған. Олар ұшу аппараттары (вертолет, самолет, шасси жабдықтары,)жеңіл автокөліктер ,тоқыма бұйымдары , целлюлоза қағаздары мен картон , автомобиль дөңгелектері мен полимерлер.

Бақыт Қалдыбеков, Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының Өнеркәсіп және экспорт бөлімінің басшысы: «Президенттің, Үкіметтің атқарушы органдарға импорттық тәуелділікті азайту туралы тапсырмасы бар. Оны орындау мақсатында 2022-2025 жылдарға іс-шаралар жоспары жасалды. басымдылық инвестициялық 48 жобаға , импорты алмастыру бойыншаҚазАлюминий , керамикалық плитка, пропилен. Осы жобаларды жүзеге асыру үшін 2 индустриалдық аймақ іске қосқалы отырмыз».

«Жұлдыз» индустриалдық аймағында машина, металлургия өнеркәсіптері, жиһаз шығаратын кәсіпорындар бой көтереді. Ал Қайанарбұлақ тұрғын алабы төңірегіндегі 132 гектарды құрайтын «Бозарық» индустриалдық аймақта ауылшаруашылығы өнімдері, оның ішінде ет, сүт, көкөністі қайта өңдейтін өнеркәсіптер жұмыс істейтін болады.