Интернет алаяқтарға 10 млн. теңгеден аса айыппұл салынуы мүмкін

48
Фотосурет интернеттен алынды

Интернет алаяқтарға 10 млн. теңгеден аса айыппұл салынуы мүмкін. Кейбір заңнамалық актілерге өзгеріс енгізу туралы заң жобасы 23 қаңтарға дейін қоғам талқысына ұсынылды.

Интернет арқылы азаматтарды алдап, ақша алатын алаяқтармен күресу үшін құжатта айыппұлдан бөлек, 800 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту, екі жылға дейiн бас бостандығын шектеу секілді жаза түрлері жазылған.

Ал бірнеше рет алаяқтық жасаса, ұрланған мүлік құнынан үш есе көп айыппұл салынады. Министрлік дерегінше, әсіресе пандемия кезінде елде интернеттегі алаяқтық қылмыс 2 есе көбейген. Мамандар банк есепшоты мен жеке мәліметтерді жария етпеуді, электрондық сауда кезінде мұқият болуды ескертеді.