Синоптиктердің болжамы бойынша алдағы күндері облыс пен қала аумағында күн жылына бастайды. Қатты суықтың беті қайтып, жауын шашын жаумайды.
Таулы аудандарда тұман түсіп, аздап жел тұрады. Ертең шаһар аумағында ауа температурасы +3 градусқа дейін жылығанымен, таулы аймақта аздап аяз сақталады, — 6 С. Ал 19 — 20 қаңтардан бастап күн қайта суытып, ауа температурасы 2-3 градусқа дейін салқындайды. Облыс аумағында көрсеткіш -10-15 градусқа төмендеп, таулы аудандарда 18 градустық аяз болады.
Әсия Қыдырбаева, «Қазгидромет» РМК Түркістан облысы бойынша филиалының бөлім басшысы: «18-ші қаңтарда Шымкентте -1+1 градус, түнде 10-12 градус аяз сақталады. 19-мен 20 қаңтарда күндіз 0-2 градус аязға дейін төмендейді. Түнде аяз сақталады».