Марапатталған аналардың жәрдемақысы артады

46
5 ұл, 2 қызды дүниеге әкелген «Алтын алқа» иегері Шырын Нұрымбетова

Марапатталған аналардың жәрдемақысы артады

2023 жылы «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» наградталған аналар деген жаңа статус енгізіледі. Соның аясында марапатталған аналарға төленетін жәрдемақының мөлшері 6,4 АЕК-тен 7,4 АЕК-ке дейін ұлғайтылады.
Осылайша жаңа жылдан бастап «Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар табысына қарамастан ай сайын 25 530 теңге алады.