Жоғары білім әр балаға қолжетімді болуы тиіс. Қазір бұл бағытта қолға алынып жатқан бастамалар баршылық. Оның бірі сараланған гранттар. Жаңа жоба ең алдымен, әлеуметтік осал санаттағы отбасы балаларының келешегіне жол ашады.
Министрлік жарты жылдық жұмысына есеп беріп, отандық ғылымға бөлінген қаражаттың 70 пайызға ұлғайғанын хабарлады. Қолданбалы ғылымның дамуына ерекше ден қойылып, отандық зерттеулер ел экономикасының мүддесі үшін жұмыс істеп тұруына мән берілетінін жеткізді. Ендігі мақсат — цифрлық институтты құру.
Сондай-ақ талапкерлер үш түрлі сараланған грант бойынша оқуға мүмкіндік алады. Балалардың шығармашылық қабілеттері мен ғылыми жетістіктеріне қарай «Дарын», «Базалық», және «Қамқор» гранттары үлестіріледі. Жоба келесі жылы жоғары білім беру жүйесіне енгізілмек.
Жоғары білім беру саласында қордаланып қалған мәселелер де аз емес. Бұдан былай, жоғары оқу орындарының инфрақұрылымына инвестициялар көптеп құйылатын болады.
Сондай-ақ жиында студенттік жатақханалар мәселесі де көтерілді. Қазіргі таңда мемлекет қаржысынан бөлек жекеменшік инвесторлармен бірігіп жасалған келісімдер толық аяқталды. Мәселені толығымен шешу енді ректорлардың қолында