Қазақстан қаңтарда Германияға 20 мың тонна мұнай экспорттауды жоспарлап отыр. Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, Германияға жылына 6 млн тоннаға дейін мұнай сатуға мүмкіндік бар.
Өнім Ресей шекарасы арқылы тасымалданады. Сондықтан министр шекаралас елдегі әріптестерінің ресми растауын күткенін жеткізді.Қазақстан былтыр 14 млн тоннаға жуық шикізат өндірген. Осы арқылы шамамен 5 млн тоннасы дизель отыны, 2,8 млн тонна мазут, 5 млн тонна бензин шығарылды.