Қазақстан мен Қытай арасындағы шекара ашылғалы өңірімізге тауарлар үздіксіз келіп жатыр. Дегенмен саудагерлер жылдың басы болғандықтан сатып алушылардың мүлдем аз екенін айтады. Бүгінде Шымкент базарларына аймақтардан тек көтерме саудамен айналысатындар ғана келетін көрінеді.
Қазақстан — Қытай шекарасы ашылғалы ол жақтан келетін тауарлар саны да артқан. Мысалы мына күртешелер Қытайдан жетікізілпті. «Осыған дейін шекара жабылып сауда тұралап қалған еді, енді көрші елге өтуге рұқсат бар, қандай тауарға тапсырыс берсең барлығы келіп жатыр», дейді сатушы Ержан Әлмұратов.
Әдетте саудасы қыз- қыз қайнап жататын базарда қазір тыныштық орнаған. Сатушылардың да басым бөлігі жұмысқа шықпаған. Сауда-саттықтың қарқыны азаятын қаңтарда тек қыстық киімдер сататын саудагерлер ғана базардан табылады.
Күн суытқаннан бері қысқы киімдерге сұраныс жоғары. Төлеби ауданының тұрғыны
«Арнайы Леңгірден келемін. 25 жыл болды саудадамын. Осы жерден барлығын алып кетемін,- дейді Төлеби ауданының тұрғыны Нұрила Қызбаева.
Ия, байқағаныңыздай базарға тек қысқы киім сататын саудагерлер шыққан. Ал өзге сауда нүктелерінің басым бөлігі жабық тұр. Сатушылардың сөзінше мұндай «тыныштық мерзімі» күн жылынғанға дейін бірер ай жалғасатын көрінеді.