Құрсай елдімекені тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту мақсатындағы құрылыс жұмыстары толық аяқталып, тұрғын үйлерге су беріле бастады.
Құрылыс жұмысынан кейін көшелерді ретке келтіру мақсатында энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы, аудан әкімдігі және мердігер тарапынан қайта қалпына келтіру жұмысы 9 қаңтардан бастап жүргізіледі.
Сондай-ақ, Құрсай елдімекенінің жаңа құрылыс аумағын табиғи газ және электр жүйесімен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжат әзірленіп жатыр. Ал жобалау жұмысын наурыз-сәуір айында аяқтап, құрылысты 2023-2024 жылдары жүргізу жоспарланып отыр.