Сарыағаштық дихандар папайя өсіруде

48

Экзотикалық өнімдерді жерсіндіру оңай шаруа емес. Жеміс салғанша күтіп баптап, бабын табу нағыз шаруаның ғана қолынан келсе керек.

Тропикалық аймақтарда ғана өсетін өнімдер бүгінде Сарыағашта жайқалып өсіп тұр. «Агротур» шаруа қожалығының төрағасы Тұрсын Тасқожаев жылыжай шаруашылығымен айналысады. Көшет өндіруден бөлек, жылыжайдың тәжірибелік алаңы да бар. Мұнда тропикалық жемістердің сан алуан түрі бар. Папайядан бөлек мұнда банан да өсіріледі.

Тұрсын Тасқожаев экзотикалық өсімдіктің көшетін сәуір айында Өзбекстаннан алып келіпті. Әу баста бойы 17 сантиметр болған папайя құнарлы топыраққа тез бейімделіпті. Бүгінде жайқалып, жеміс салып тұр.

Дихан алдағы уақытта папайя көшетін көбейтуді жоспарлап отыр. Дәмі тіл үйіретін жемістің алармандары мол болары анық. Өйткені теңіз асып, тау басып келген жеміс талай аурға да ем екен. Ас қорытуды жақсартады. Көру қабілетін және ағзананы бактериялардан қорғайды. Бауырдың жұмысын жеңілдетеді, жүрек ауруларынан қорғайды. Ең бастысы папайя салмақ тастауға көп ықпал етеді екен. Одан бөлек, қандағы холестерин деңгейін де реттейді. Тропикалық жеміс қатерлі ісікке қарсы қасиеттерге ие.