Сауран ауданында коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істейді

47

Түркістан облысында ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты коммуналдық қызмет түрлері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Боранға байланысты Сауран ауданында 12 ауылдық округ пен 35 елдімекенге тұрақты түрде бақылау жұмыстары жүргізілді. Тазалық, электр жарығы, газ, су, жол тазалығы бойынша кезекшілер тағайындалып, қар тазалауға 16 техника, 36 адам жұмылдырылған.

Ал тұрақты электр жарығымен қамтамасыз ету үшін «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС тарапынан 21 жұмысшы, 4 техника кезекшілікте. Қазір аймақта жағдай қалыпты.