Шардараның жігіттері Әлем чемпионы атанды

66

Түркияның Ыстамбул қаласында армрестлингтен «East vs West 6» турнирі өте жоғары дәрежеде өтті. Оған Қазақ елінің спортшылары да қатысты. Дүбірлі сында Түркістан облысының өрендері ел намысын абыроймен қорғады.

Алғашқы болып жарыс жолына шыққан Айдархан Нұрдаулет литвалық қарсыласымен тартысты өткен сайыста 3-0 есебімен жеңіске жетті. Сөйтіп, 75 келі салмақта кәсіпқой спортшылар арасында әлем чемпионы атанды. Турнирдің ең маңызды жекпе-жегі Қыдырғали Оңғарбаев және АҚШ спортшысы Майкл Тодд арасында өтті.
Көрермендердің ыстық ықыласына бөленген Қыдырғали 3-1 есебімен жеңіске жетіп, 105 келі салмақта чемпиондық атағын абыроймен қорғады.