Шетелдік автокөліктерді мемлекеттік тіркеу ағымдағы жылдың 23 қаңтарында басталады. Заңдастыруға өтінішті «электронды үкімет» порталы арқылы онлайн немесе мамандандырылған ХҚКО-ға барып офлайн беруге болады.
Бұл ретте мамандандырылған ХҚКО-ларда заңдастыруға қажетті құжаттарды қабылдайтын арнайы секторлар ұйымдастырылады.»Мамандандырылған ХҚКО-ға келген көлік иесі бастапқы тіркеу үшін 200 000 теңге, техпаспорт үшін мемлекеттік баж – 4 313 теңге, сондай-ақ мемлекеттік нөмірге – 9 660 теңге алым төлейді (барлығы 213 973 теңге ). Сосын құжаттардың түпнұсқасын ХҚКО қызметкеріне тапсырады (шетелдік техпаспорт, меншік құқығын растайтын құжат)», — деді ішкі істер министрлігіндегілер .