Шетелдік автомобильдерді заңдастыру: Екі күнде 333 адам құжат алған

0
Ішкі істер минситрілігінің 24-ші қаңтардағы хабарламасы бойынша, Қазақстанда шетелдік көлік мінген 333 адам мемлекеттік нөмір белгісі мен техпаспорт алған.
Шетелдік автомобильдерді заңдастыру науқаны басталды. «Алдын ала мәлімет бойынша екі күнде 5836 өтінім мақұлданды, оның ішінде 333 қазақстандық мемлекеттік нөмір белгісі мен техпаспорт алды», – делінген хабарламада.
Айта кетері, көліктерді заңдастыру науқаны кезінде халыққа қызмет көрсету орталықтары сағат 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Жергілікті жерлерде мамандар халыққа кеңес беріп, базалар бойынша құжаттарды тексеріп, әрбір өтінімді жеке қарап жатыр.