Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Сенат сайлауына дайындықты пысықтады

215
Сайлау

Бүгін тыныштық күні. Сенат сайлауы  ертең сенбі күні, 14 қаңтарға белгіленген. Саяси шара Шымкент қаласындағы Түркістан сарайы ғимаратында өтеді.

Қалалық аумақтық  сайлау комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаевтың пайымдауынша, ертең сағат 10-да тіркеу, ал сағат 11-де  таңдаушылар -қалалық мәслихаттың депутаттары дауыс береді.  Шымкент қаласы бойынша сенатқа 3 кандидат тіркелген. Олар:

Бауыржан Әлтеев, 1955, Шымкент қалалық кәсіподақтар орталығының төрағасы, өзін-өзі ұсыну;

Альбина Елчиева, 1977, Шымкент қаласы мәслихатының аппараты, бюджет және экономикалық даму жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы, өзін-өзі ұсыну;

Нұрлан Бекназаров, 1964, Сенат депутаты, өзін-өзі ұсыну;

30 таңдаушы-Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары сағат 11-де дауыс беру аяқталғаннан соң,  хаттама түзіліп, ол Орталық сайлау комиссиясына жеткізіледі. Өз кезегінде Орталық сайлау комиссиясы  7 күнде  сайлауды қорытындылайды.
Айта кететін жәйт,  Сенатқа әр облыстан, республикалық маңызы бар қалалардан және Астанадан екі депутат сайланады, 10 депутатты Президент тағайындайды.