Шымкент: Заңсыз құс аулаумен айналысқан азамат ұсталды

24

Шымкент ҚПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы Табиғатты қорғау тобының қызметкерлері рейдтік іс-шара өткізді.

Шараның басты мақсаты – табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге, экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған.
Мәселен, 2023 жылдың 9-қаңтарында «Жабық базарға» заңсыз ауланған пайызторғайды алып келген тұлға анықталды. Құқық бұзушы азаматқа қатысты ӘҚБтК-нің 382-бабының 1-бөлігімен (Жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК (бес айлық есептік көрсеткіш) айыппұл салынды.
Тәртіп сақшылары заңсыз аң, құс аулап, қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.