Шымкентте 4 жасар бала терезеден құлап кетті

27

18 қаңтарда сағат 14-25-те Шымкент қаласы ТЖ Департаментінің дағдарыс жағдайларын басқаруға баланың терезеден құлағаны туралы хабарлама келіп түсті

Оқиға Самал-3 шағынауданында, Изгілік көшесінде болған.  2 қабатты жеке тұрғын үйде, ересектердің қарауынсыз, 2-ші қабаттың терезесінен құлады (биіктігі шамамен 3,5 метр) жеке үй иесінің ұлы, 2018 жылы туған бала. Бала аутизм диагнозымен есепте тұр. Қазіргі уақытта жағдайы орташа.