Шымкентте қазіргі таңда мемлекеттік – 29, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясындағы 5 спорт нысаны жұмыс істеп келеді. Барлығы 906 бапкер 18 мыңнан астам спортшыны жаттықтырады.
Жалпы, қала тұрғындары спорттың 74 түрімен шұғылданады. Оның ішінде олимпиадалық 37, олимпиадалық емес 28 және 9 ұлттық спорт түрі бар. 2022 жылы қала спортшылары ел біріншіліктерінен 628 алтын, 577 күміс, 619 қола медаль жеңіп алса, Азия чемпионаттарынан жерлестеріміз 89 алтын, 58 күміс және 67 қола иеленген.
Ал Әлем чемпионаттарынан 60 алтын, 38 күміс және 33 қола медаль шымкенттік спортшылар қоржынында.