Шымкентте қарулы адамдар тобы ұсталды

28

Шымкентте қарулы адамдар тобы ұсталды, деп хабарлайды «Шұғыл шақырылым» бағдарламасының тілшісі.

Тәуке хан мен Д. Қонаев даңғылдарының қиылысында полиция қызметкерлері қарулы адамдар тізгіндеген BMW X6 маркалы автокөлігін тоқтатты.

Көлік ішінде жүргізуші мен бес жолаушы болған. Инсайдерлік ақпаратқа сәйкес, тексеру кезінде олардан Калашников автоматы, газ тапаншасы және сойыл табылған.

Ұсталғандар әл-Фараби АІІБ-не жеткізілді. Оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.