Шымкентте құрылысшы тоғызыншы қабаттан құлап кетті

117

Шымкентте құрылысшы тоғызыншы қабаттан құлап кетті. Оқыс жағдай 24-қаңтар күні күндіз сағат 12-лер шамасында қаладағы А. Байтұрсынов көшесіндегі құрылыс алаңдарының бірінде болған.

Тоғызыншы қабаттан жетінші қабатқа құлаған азамат тұрғын үй құрылысында жұмыс істеген. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсетіп, №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізді. Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккен жігіттің миы шайқалып, бірнеше сүйегі сынған.

Карима Жантасова, жедел жердем қызметкері: «12:52 шақырту келіп түскен. Себебі биіктіктен құлау, тоғызыншы этаждан жетінші этажға. Жабық бас ми жарақаты, бас ми шайқалуы, оң жақ бұғананың сынуы және бүйректің соғылуы».

Лаура Нақыпқызы